Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйден құлап қаза тапты

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйден құлап қаза тапты
Фото: ЖИ

6 қазан күні сағат 23:00 шамасында Орал қаласының "Строитель" шағынауданында 14 жастағы қыз бен 16 жастағы жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз мектепте оқыған, ал бозбала колледж студенті болған.

Батыс Қазақстан облысының полициясы екі жасөспірімнің қаза тапқанын растады. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.