Ақмола облысы Аршалы ауылында ер адам көлікпен өз әйелін қағып, мерт қылған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақмола облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға кезінде ер адам ВАЗ-2114 көлігін тізгіндеген. Алдын ала мәлімет бойынша ол мас күйде болған.
"Оқиғаға байланысты Аршалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді полиция.