Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмдерге прокат куәлігін алу үшін берілген өтінімдерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енді құжаттардан қате табылса немесе өтінімге қажетті құжаттар толық ұсынылмаса, өтініш берушіге кемшіліктерді түзету үшін екі жұмыс күні беріледі. Белгіленген мерзімде олқылықтар түзетілмесе, өтініш берушіге бас тарту себебі түсіндірілген жауап жолданады. Кемшіліктерді жойғаннан кейін өтінімді қайта тапсыруға болады.
Жаңа бұйрық 2026 жылғы 5 желтоқсанда күшіне енеді.