Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Той кезінде ер адам кішкентай баланы теуіп жіберді

Той кезінде ер адам кішкентай баланы теуіп жіберді
видео кадры

Той үстінде ер адамның кішкентай баланы теуіп жіберген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғаны әзірге белгісіз. Алайда видеодағы әнге қарағанда оқиға Қырғызстанда болуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Видео авторы бұл жағдайды балаларды той сияқты көпшілік жиналатын шараларға алып бару мәселесімен байланыстырған. Оның пікірінше, ата-аналар балаларын ертіп келсе, оларды үнемі бақылауда ұстауы керек.

Жазба авторы мұндай шараларда балаларға түрлі қауіп төнуі мүмкін екенін ескерткен. Мәселен, үстіне ыстық шай немесе сорпа төгілуі, би билеп жүрген адамдардың аяғының астында қалуы ықтимал. Сондай-ақ еденге төгілген сусыннан тайып құлап, жарақат алуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желіде той кезінде кішкентай балаға байланысты жүргізушінің мерекелік шараны тоқтатқан видеосы қызу талқыланған еді. Сол кезде желі қолданушылары балаларды тойға ертіп бару және олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселесіне қатысты екіге бөлінген.