Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«ҚазМұнайГазды» «Самұрық-Қазынадан» шығару ұсынылды: не өзгеруі мүмкін?

«ҚазМұнайГазды» «Самұрық-Қазынадан» шығару ұсынылды: не өзгеруі мүмкін?
ашық дереккөз

Energy Monitor атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын «Самұрық-Қазына» қорынан шығарып, акцияларын Лондон қор биржасында қосымша орналастыруды (SPO) ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сарапшының пікірінше, компания акцияларының 20 пайызына дейін инвесторларға ұсынуға болады. Сондай-ақ ол директорлар кеңесін жаңартып, құрамына шетелдік тәуелсіз мамандарды тарту қажеттігін айтты. Бұл ұсынысқа «Самұрық-Қазына» қорындағы сыбайлас жемқорлық дауына қатысты жағдай және 24 желтоқсанда өтетін «ҚазМұнайГаз» акционерлерінің алдағы жиналысы түрткі болған.

Нұрлан Жұмағұлов директорлар кеңесінің құрамына мұнай-газ министрлігінің бұрынғы басшысы әрі «ҚазМұнайГазды» басқарған Ұзақбай Қарабалинді қосуды да ұсынды.

Еске салайық, 2022 жылы компания акцияларының 3 пайызы қазақстандық қор биржаларында орналастырылды. Ол кезде бір акцияның бағасы 8406 теңге болған. Ал материалда көрсетілген KASE-дегі соңғы мәміле 36 мың теңгемен жасалған.