Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ұлытау облысында аулада тұрған үш көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген

Ұлытау облысында аулада тұрған үш көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген
Tengrinews.kz

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жеке үйдің ауласында тұрған үш көлікті белгісіз біреулер өртеп жіберген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Облыстық Полиция департаменті үш көлікті өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.