Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанадағы тұрғын үй кешенінің балконынан ер адам секіріп кетті

Астанадағы тұрғын үй кешенінің балконынан ер адам секіріп кетті
ашық дереккөз

Астанадағы тұрғын үй кешенінің балконынан ер адам секіріп кетті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, елордадағы "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінде 26 жастағы ер адам қаза тапқан. Хабарламаға сәйкес ол кіреберістің балконынан секірген. Марқұм кім екені анықталды.

Оқиғаға қатысты суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, зерделеп жатыр.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.