Атырау облыстық соты Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының 2,36 трлн теңге айыппұл өндіру ісіне қатысты апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот жеке сот орындаушысының 2026 жылғы 30 шілдедегі қаулысын заңсыз деп танып, күшін жойды. Аталған құжатта мұнай өндіруші компанияға белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынған.
Бұған дейін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты NCOC компаниясының триллион теңгеден асатын айыппұлды өндіруге байланысты қаулылардың күшін жою туралы талабын қанағаттандырудан бас тартқан. Компания бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген.
Апелляциялық сот қаулыны 17 қарашада шығарған. Алайда бұл туралы ақпарат 24 қарашада ғана жария болды.
Айта кетейік, соттың шағымды ішінара қанағаттандыруы 2,36 трлн теңге көлеміндегі айыппұлдың күші жойылды дегенді білдірмейді. Сот тек жеке сот орындаушысының компанияға шектеу қойған қаулысын заңсыз деп таныған.