Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Түркістан облысында аудандық ауруханада миллиондаған теңге қолды болған: бас дәрігердің былығы әшкере болды

Түркістан облысында аудандық ауруханада миллиондаған теңге қолды болған: бас дәрігердің былығы әшкере болды
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына медициналық жабдық сатып алу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу барысында аурухананың бұрынғы бас дәрігері мен кәсіпкер реанимациядағы науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қажет оттегімен жабдықтау жүйесін сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Осы схеманы іске асыру үшін бірыңғай медициналық кешен бірнеше бөлек тауарға бөлініп, оларды сатып алу өздеріне бағынышты компаниялар арқылы нарықағы бағадан жоғары құнмен рәсімделген.

Алайда іс жүзінде жабдықты жеткізіп, орнату жұмыстарын басқа ұйым жүзеге асырған. Нәтижесінде мемлекетке 117 млн теңге көлемінде залал келген.

Қылмыстық жолмен келген қаражаттың бір бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алу және оны туысының атына рәсімдеу арқылы заңдастырылған. Сот үкімімен аурухананың бұрынғы бас дәрігері 8 жылға, ал кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне елордадағы пәтер мен екі көлік тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.