Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Сабаққа қатыспаған студенттерді оқиды деп тіркеп қойған: колледждердің бірінде заңбұзушылықтар әшкере болды

Сабаққа қатыспаған студенттерді оқиды деп тіркеп қойған: колледждердің бірінде заңбұзушылықтар әшкере болды
depositphotos.com

Қостанай облысы прокуратурасы агротехникалық колледжден өрескел заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қарабалық ауданының прокуратурасы Қазақстан агротехникалық колледжіне жүргізген тексеріс барысында оқу процесін ұйымдастыру, мемлекеттік мүлікті басқару және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында заңбұзушылықтарды әшкерелеген.

Тексеріс нәтижесінде 45 студент сабаққа қатыспағанына қарамастан, колледжде білім алушылар қатарында тіркеліп келгені анықталды. Бұл бюджет қаражаты негізсіз жұмсалуына әкеп соққан.

Сонымен қатар, бес жыл бойы көліктерді есептен шығару бойынша тиісті шаралар қабылданбаған. Бұдан бөлек, 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жай-күйінде кемшіліктер анықталды.

Осылайша, 45 студент оқудан шығарылып, 7 оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал колледж директоры атқаратын қызметінен босатылды.