Қызылордада қыздарды арашалаған жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды dalanews.kz "Криминальный Казахстан" арнасына сілтеп.
20 қарашада кешке Құлагер шағынауданында мас ер адам екі қызға тиісіп, мазасын алған. Оларға араша түскен жігіттің өзі пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.
Қазір жәбірленуші есін жиды.
Қызылорда облысы Полиция департаменті мәліметінше, 42 жастағы күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.