Қазақстан Ұлттық банкі 2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесін бекітті. Келесі жылы бұл мәселе бойынша сегіз рет шешім жариялау жоспарланған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның төртеуі болжамдық раундтардың қорытындысы негізінде қабылданады.
Ұлттық банктің мәліметінше, базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер белгіленген күндері жұма күні сағат 12:00-де жарияланады. Олар келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2027 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
22 қаңтар;
12 наурыз;
23 сәуір;
11 маусым;
23 шілде;
10 қыркүйек;
22 қазан;
10 желтоқсан.