Жамбылда жол ережесін бұзған жүргізушілер дрон арқылы анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысын бақылауда дрон қолданып жатыр. Оның көмегімен жол ережесін бұзған жүргізушілер әуеден анықталады.
Кезекті рейд барысында көлік басқаруға құқығы жоқ, қауіпсіздік белдігін тақпаған және рөлде отырып ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер тіркелген.
Оларға қатысты заңға сәйкес шаралар қабылданып, көліктері айып тұрағына қойылды.