Дропперлікпен айналысқан 400 адам түрмеде жазасын өтеп отыр

Дропперлікпен айналысқан 400 адам түрмеде жазасын өтеп отыр
ЖИ: Dalanews.kz

Дропперлік туралы заң 2025 жылы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Содан бері 1100-ге жуық осындай іс тіркеліп, 400-ге жуық дроппер сотталған, деп хабарлайды dalanews.kz qazaqstan.tv-ға сілтеп.

Мәліметке сүйенсек, былтыр жалпы есебі 96 мың қылмыс тіркелген. Соның 27 мыңнан астамы - интернет алаяқтық. Салдарынан азаматтарға 71 млрд теңгеге жуық материалдық шығын келген. Оның шамамен 5 млрд теңгесі киберполицияның жұмысының арқасында иелеріне табысталған.

Ал биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 15 500-ге жуық онлайн алаяқтық іс тіркеліп, ел тұрғындарының 37 млрд теңге ақшасы ұрланған. Қазір соның 6 млрд теңгеден аса сомасы жәбірленушілерге қайтарылған.

"9 айдың қорытындысы бойынша дропперлердің есепшоттарында 1,7 млрд теңгеге жуық ақша бұғатталған болатын. Яғни дроптардың есепшоттарынан өз иелеріне қайтарылды. Оның ішінде 1 млрд теңгеге жуық қаражат дроптардың өз қалауы бойынша, яғни өз еркімен иелеріне қайтарылған болатын", - деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.