Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақтөбе облысында анасы жол апатынан қаза тапқан 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсаған - дереккөз

Ақтөбе облысында анасы жол апатынан қаза тапқан 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсаған - дереккөз
gov.kz

Ақтөбе облысында анасы жол апатынан қаза тапқан 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz kriminal_kazakhstan арнасына сілтеп.

23 қарашада Қандыағаш - Шалқар тасжолында, Жұрын ауылы маңында Renault көлігі жолдан шығып кетіп, аударылған. Рөлде отырған әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Марқұм Мәртөк аудандық ауруханасының дәрігер-оториноларингологі Назгүл Қантөренова екені анықталған. Полиция жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейін оның 21 жастағы ұлы да қайтыс болғаны белгілі болды. Полицияның мәліметінше, жол апаты кезінде жігіт көлікте болмаған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, анасы қайтыс болғаннан кейін жігіт өзіне қол жұмсаған.