Алматы тұрғынының жеке коллекциясынан тұтас қару-жарақ арсеналы табылды

Алматы тұрғынының жеке коллекциясынан тұтас қару-жарақ арсеналы табылды
видео кадры

Алматы қаласындағы үйлердің бірінен полицейлер cырт көрінісі қару-жарақ, оқ-дәрі, автомат, гранаталарға ұқсас заттарды анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Учаскелік полиция инспекторы патрульдік полиция экипажымен бірлесіп, күдік тудырған көптеген затты тапқан.

Тексеріс кезінде олардың арасында автоматқа ұқсас үш зат, пулемет, граната, тапаншалар, шашкалар, қылыш, пышақтар және ондаған гильза бары анықталды. Арнайы сараптама жүргізуді қажет еткен ондаған зат тәркіленді.

Үй иесінің айтуынша, бұл заттарды әртүрлі уақытта интернеттен, базарлардың бірінен сатып алған. 

"Заттардың бір бөлігі макет болып шықты. Бірақ олардың арасынан нағыз винтовка, атуға жарамды жауынгерлік оқ-дәрі және суық қару да табылды. Яғни заттардың барлығы бірдей қауіпсіз бұйымдар емес. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы полициясы.