Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған «Диалогтан бірлескеніс-қимылға: рухани-мәдени мұра, білім беру және дінаралық ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іс-шара халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, дінибірлестіктердің, дипломатиялық корпус өкілдерінің, жетекші жоғары оқу орындары мен IT саласы мамандарының басын қосты. Қатысушылар жасанды интеллект, экология жәнерухани-мәдени мұраны сақтау салаларындағы нақты бірлескен бастамаларды талқылады.

Дөңгелек үстелге ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің директоры, доктор Амир Пирич, Халықаралық орталықтың Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай, ҚазақстанРеспубликасы Құрылтайының депутаты Шерзод Пулатов, Қазақстан Халық Кеңесітөрағасының орынбасары Дмитрий Останькович, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, діни бірлестіктердің, өңірлік дін істері басқармаларының, ғылыми және сарапшылыққауымдастықтың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі өзегі халықаралық дінаралық диалогтан қоғам үшін маңыздымәселелерді шешуге бағытталған нақты бірлескен жобаларға көшу болды.
Қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларынжәне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде қабылданған Астана бейбітшілік декларациясы 2025 ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкіндіктерінқарастырды.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Вице-ПрезидентіЕрлан Қариннің төрағалығымен өткен Съезд Хатшылығының XXIV отырысындақабылданған «Дін саласындағы жасанды интеллекті қолданудың этикалық кодексі» және«Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі» атты екі халықаралық құжатқаерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Қасиетті Тақтың бірлескен гуманитарлық бастамасы – «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартияны»халықаралық деңгейде ілгерілету мүмкіндіктері талқыланды.
Жиында сөз сөйлеген Халықаралық орталықтың Басқарма төрағасы ГүлсанаҚожабай Орталық қызметінің жаңа бағыттарын таныстырып, алдағы халықаралықынтымақтастықтың басымдықтарына тоқталды.
Басты міндет – Съезді беделді халықаралық диалог алаңы ретінде ғана емес, серіктестерді қоғам үшін маңызды нақты жобалар төңірегінде біріктіретін институт ретінде дамыту.
Осы тұрғыдан алғанда, ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық білім, ғылым және мәдениетсалаларындағы халықаралық тәжірибені діни қауымдастықтардың және Съездің сарапшылықалаңдарының мүмкіндіктерімен ұштастыруға жол ашады.
Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі діни салада жасанды интеллектініжауапкершілікпен пайдалану мәселесі болды.
Діни бірлестіктердің өкілдері, цифрлық технологиялар мамандары мен сарапшыларжалған ақпараттың таралуы, цифрлық манипуляциялар және жасанды интеллект көмегіменжасалған контенттің қауіптерін талқылады. Сондай-ақ діни көшбасшылар мен жастардыңцифрлық сауаттылығын арттыру мүмкіндіктеріне назар аударылды.
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің директоры, доктор Амир Пиричталқылаудың практикалық маңызын атап өтті.
«ЮНЕСКО-ның Өңірлік кеңсесі этикалық қағидаттарды білім беру және мемлекеттіксаясат арқылы іс жүзінде жүзеге асыруға ықпал етеді. Бүгінгі талқылау – осы қағидаттардыңәртүрлі қауымдастықтарда жұмыс істейтін адамдар үшін қандай мәнге ие екенін түсінугемүмкіндік», – деді Амир Пирич.
Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ныңэтикалық ұстанымдары мен Съезд бастамаларының ережелерін ескере отырып, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануға бағытталған бірлескен білім беру және ағартушылық бастамаларды әзірлеу мәселесі қарастырылды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын 2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана бейбітшілік декларациясы 2025 аясында іске қосылған Халықаралық рухани білім онлайн-орталығының таныстырылымы тудырды.
Оның негізгі бағыттарының бірі – Қазақстанның интерактивті киелі жерлер картасынәзірлеу. Жоба еліміздегі тарихи және діни нысандар туралы сенімді мәліметтерді бірыңғайцифрлық білім беру кеңістігінде жинақтауға бағытталған.
Бұл бастама нысандарды цифрлық форматта таныстырумен ғана шектелмейді. Олдіни қауымдастықтардың тарихын, жергілікті дәстүрлер мен рухани-мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Шерзод Пулатов қоғамдықкелісім мен бірлескен жасампаз еңбектің маңызын атап өтіп, Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қоғам бірлігінің айрықшарөл атқаратыны туралы тұжырымына назар аударды.
Ол практикалық бағыттардың бірі ретінде тарихи-мәдени мұра мен қоршаған табиғиортаны сақтауға арналған бірлескен волонтерлік бағдарламаларды дамытуда ЮНЕСКО тәжірибесін пайдалануды ұсынды.
Өңірлік дін істері басқармаларының өкілдері діни нысандар мен тарихи ескерткіштертуралы деректерді жинау және тексеру жұмыстарына атсалысып, киелі жерлер картасынәзірлеуге қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді.
Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Асановдінаралық келісімнің негізінде өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттары жатқанын атапөтті. Оның айтуынша, діни сеніміндегі айырмашылықтарға қарамастан, баршаны біріктіретінортақ мақсат – халыққа қызмет ету. Дәл осы ұстаным түрлі дін өкілдерін бейбітшілік, келісімжәне қоғам игілігі жолында жақындастыра алады.
Академиялық қауымдастық өкілдері де жаңа бастамаларын ортаға салды. Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры Сабина Инсебаева аға буын өкілдерініңқатысуымен арнайы бейнежоба әзірлеуді ұсынды. Жоба халықтың тарихи жадын сақтау, рухани дәстүрлерді келер ұрпаққа жеткізу және жастарды мәдени мұраны зерттеуге тартудыкөздейді.
Кездесуде көтерілген тағы бір маңызды бағыт – конфессияаралық экологиялықволонтерлікті дамыту.
Қатысушылар діни қауымдастықтардың ағартушылық тәжірибесін, ЮНЕСКО-ныңэкологиялық білім беру саласындағы халықаралық тәсілдерін және «Таза Қазақстан» секілдіқоғамдық бастамаларды біріктіру мүмкіндіктерін қарастырды.
Әсіресе әртүрлі конфессия өкілдері арасындағы жастарды киелі нысандар мен оларғаіргелес табиғи аумақтарды зерттеу және сақтау жөніндегі бірлескен жобаларға тарту идеясықызығушылық тудырды.
Мұндай тәсіл экологиялық ағартуды дамытуға, мәдени мұраны сақтауға жәнедінаралық өзара түсіністікті нығайтуға қатар мүмкіндік береді.
Талқылау қорытындысында қатысушылар алдағы бірлескен жұмыстың негізгібағыттарын айқындады. Олардың қатарында жасанды интеллект этикасы бойынша білім беру бағдарламалары, Қазақстанның киелі жерлер картасын сарапшылық сүйемелдеу, цифрлықағартушылық жобалар, экологиялық және жастар волонтерлік бастамалары бар.
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі ынтымақтастықтың нақты форматтарын анықтаумақсатында мүдделі серіктестермен ұсыныстарды талқылауды жалғастырады.
Халықаралық дөңгелек үстел Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезініңбастамаларын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған Халықаралық орталық пен ЮНЕСКО арасындағы жүйелі әріптестікті дамытудың маңызды қадамы болды.
Кездесудің басты нәтижесі – халықаралық ұйымдар, діни қауымдастықтар, ғылым, технология және мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің ортақ бастамалардынақты жобаларға айналдыру үшін күш біріктіруге дайын екендігін білдіруі.