Оралда көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан және әдепсіз сөз жазған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тексеріс нәтижесінде ВАЗ-21099 көлігінің алдыңғы бөлігіне әдепсіз сөз жазылған жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылғаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері құқықбұзушының жеке басын анықтады. Ол Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Бұл әрекет заң талаптарына қайшы келіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ әдеп нормаларын бұзу, айналасындағыларға құрметсіздік таныту болып саналады.
Жүргізушімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған жол қозғалысы қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарда әдеп нормаларын ұстану қажет екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.