ЖИ бизнеске нақты не береді: жеті кейс

ЖИ бизнеске нақты не береді: жеті кейс
probusiness.io

Бизнес иесіне жасанды интеллекттің өзі емес, нәтижесі керек: түнгі 23:00-де жазған клиент жауапсыз қалмай, таңертең бәсекелеске кетпеуі тиіс, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мейіржан Әуелханұлы — IT саласында 15 жылдық тәжірибесі бар маман, соңғы 4 жылда бизнес мәселелерін ЖИ арқылы шешумен айналысады. Төменде оның жобаларының нәтижелері.

1. Медициналық клиника: айлық сатылым 42 млн ₸-ден 108 млн ₸-ге

Операторлар жұмысы 18:00-де аяқталады, таңға дейін 100–500 хабарлама жауапсыз қалып, клиенттердің бір бөлігі басқа клиникаға кететін. 2025 жылғы шілдеде ЖИ-жүйе іске қосылды: ол тәулік бойы жауап береді, сұранысты анықтайды, дәрігерге жазады.

2. Сэндвич панель зауыты: ЖИ арқылы келген клиенттер

Сатып алушылар жеткізушіні Google-дан ғана емес, ChatGPT, Gemini, Claude арқылы да іздейді. Зауыттың сайты ЖИ-жүйелерге көрінбейтін. Сайт ЖИ оқып, ұсына алатындай бейімделді. Бір айдың ішінде осы арна арқылы сатып алуға дайын клиенттер келе бастады.

3. Ақпараттық портал: контент өндірісін автоматтандыру

Жаңалықты өңдеу, әлеуметтік желіге контент дайындау және жариялау бұрын ондаған қызметкердің қолынан өтетін. Қазір бұл тізбек автоматты режимде жұмыс істейді.

4. Joldar.com: көлік жалдау платформасы

Turo үлгісіндегі қазақстандық платформа: тіркеу, сақтандыру логикасы, төлем, екі жақты рейтинг, модерация. Ішкі процестерді ЖИ-агенттер автономды жүргізеді.

5. Сату боттары

Кітап және автобөлшек дүкендері, білім беру платформалары, интернет-дүкендер үшін. Бот клиентпен сөйлеседі, дауыстық хабарламаға жауап береді, төлем қабылдайды, телефон қоңырауын өңдейді.

6. AiCore (aicore.kz)

Сатушыға видеоның кіріспесін жазып, суфлер ұсынатын және монтажды автоматты орындайтын жүйе.

7. Qut Pay

TikTok тікелей эфирінде сататын кәсіпкерлерге арналған төлем жүйесі. Эфир аяқталған соң 3 минуттың ішінде клиентке шот жіберіп, жеткізу мекенжайын алып, тапсырысты рәсімдейді.

Неге бұл орта бизнеске қолжетімді болды?

Кодты ЖИ-агенттер жазады, архитектура мен сапаны тәжірибелі маман бақылайды. Бұрын 30 адамдық команданы қажет ететін жұмысты бір маман ЖИ-мен бірге атқарады. Соның есебінен бұрын тек ірі компаниялардың қолы жететін жобалар орта бизнеске де тиімді.

Қымбат деп кейінге қалдырылған жобаңыз болса, мәселені 2–3 сөйлеммен жазыңыз. Мейіржан оның қай бөлігін ЖИ шеше алатынын, қай бөлігін шеше алмайтынын ашық айтады.