«Өмірді жайлы ете түседі»: Ne Prosto Orchestra дирижері Škoda көлігін таңдады

«Өмірді жайлы ете түседі»: Ne Prosto Orchestra дирижері Škoda көлігін таңдады

Қазақстандық Ne Prosto Orchestra музыкалық жобасының дирижері әрі шығармашылық жетекшісі Мадияр Тойболдиев Škoda Qazaqstan компаниясымен серіктестігі, Škoda Superb флагмандық моделін күнделікті пайдалану тәжірибесі, музыкалық жобалардың сахна сыртындағы жұмысы және өзі мен отбасы үшін таңдайтын автокөліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Музыка мен автомобиль бір-бірінен алшақ салалар сияқты көрінуі мүмкін. Алайда екі бағытта да дәлдік, ұсақ-түйекке мән беру, ырғақты сезіну және көптеген элементті біртұтас үйлесімге келтіре білу маңызды. Мадияр Тойболдиев үшін автомобиль әлдеқашан жай ғана көлік құралы болудан қалған. Ол тығыз жұмыс кестесі мен күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған.

Škoda Qazaqstan компаниясымен серіктестік осы екі саланың тоғысқан тұсына айналды. Ынтымақтастық аясында Мадияр Superb моделін таныстырылымда немесе тест-драйв кезінде ғана емес, күнделікті пайдалану барысында да сынап көруге мүмкіндік алды.

Škoda Qazaqstan компаниясымен серіктестік туралы

Мадияр Тойболдиевтің айтуынша, кез келген табысты серіктестік ортақ құндылықтарға негізделуі керек. Ne Prosto Orchestra үшін сапалы музыкалық өнім жасау, тыңдармандарды таңғалдыру және оларға жаңа әсер сыйлау маңызды. Оның пікірінше, Škoda бренді де осыған ұқсас қағидаларды ұстанады. Атап айтқанда, компания ұсақ-түйекке мән беріп, әр шешімді жан-жақты ойластырады және адамдардың күнделікті өмірін жайлы етуге ұмтылады.

Оның сөзінше, ынтымақтастық тек автомобильдермен шектелмейді. Ол бірлескен жобаларды, концерттер мен шығармашылық бастамаларды да қамтиды. Мадияр брендтің мәдени бастамаларды қолдап, адамдарды біріктіретін іс-шаралардың бір бөлігіне айналғанын жоғары бағалайды.

Бірлескен жобалардың ерекшелігі – үйреншікті дүниелерді басқа қырынан көрсетуге мүмкіндік беруінде. Мәселен, ортақ бейнеролик түсіру кезінде автомобильдің сыртқы келбетін ғана емес, оның атмосферасы мен мінезін, сондай-ақ белгілі бір көңіл күйді жеткізу көзделген.

Мадиярдың айтуынша, шығармашылық жұмыста импровизацияның орны ерекше. Сценарий дайын болғанның өзінде күтпеген шешімдерге орын қалады. Оның пікірінше, нәтижені шынайы әрі әсерлі ететін де – осындай сәттер. Бұл концертке де ұқсайды: дайындыққа көп уақыт жұмсалғанымен, нағыз сиқыр орындау барысында пайда болады.

Škoda Superb: жеке пайдалану тәжірибесі

Мадияр Тойболдиевтің айтуынша, Superb көлігінің ең алдымен кеңдігі мен жайлылығы назар аудартады. Оның пікірінше, автомобильдегі әрбір бөлшек өз орнында тұрғандай әсер қалдырады. Мұнда тек көзге түсу үшін жасалған артық шешімдер жоқ. Барлығы ұстамды, функционалды әрі жан-жақты ойластырылған.

Дирижер үшін көлік жүргізу кезінде жолдан алаңдамай, өзіне қажетті істерге назар аудару маңызды. Оның сөзінше, Superb моделінде бұл талаптар толық ескерілген. Орындықтардың ыңғайлы орналасуы, кең салон, сапалы материалдар мен кеңістіктің тиімді ұйымдастырылуы көлік ішіндегі жайлылықты арттырады.

Автомобиль заманауи технологиялармен жабдықталғанымен, көзге бірден түсетін артық экрандар жоқ. Диагоналі 13 дюйм болатын негізгі дисплей қажетті ақпаратты көрсетеді. Ал климат-бақылауды жолдан назар аудармай-ақ физикалық батырмалар арқылы реттеуге болады.

Сонымен қатар, бұл модель қаладағы тығыз жұмыс кестесіне де қолайлы. Кей күндері бірнеше орынға қатар баруға, жолда ұзақ уақыт өткізуге, тіпті концерттен кейін кешкі уақытта үйге қайтуға тура келеді.

Осындай жағдайда жайлылықтың маңызы арта түседі. Жақсы дыбыс оқшаулауы, жүрістің бірқалыптылығы, массаж функциясы бар ыңғайлы орындықтар мен тасжолдағы тұрақты қозғалыс ерекше бағаланады. Мадиярдың пікірінше, Superb жұмыс міндеттері мен жеке уақыт арасында аздап тынығып, ойды жинақтауға мүмкіндік береді.

Ол жүксалғыштың кеңдігіне де назар аударған. Репетиция мен концерт арасында жиі жүретін адам үшін қажетті заттарды ыңғайлы орналастыру – жай ғана қосымша мүмкіндік емес, күнделікті өмірдегі нақты артықшылық.

Дирижер Superb моделін өкілдік санаттағы автомобильге тән сипат пен күнделікті қолайлылықтың сәтті үйлесімі деп санайды. Оның ұстамды әрі әсем дизайны, кең салоны, жайлылығы және жабдықталу деңгейі көңілінен шыққан.

Мадиярға автомобильдің мәртебесін шамадан тыс көрсетуге тырыспайтыны ұнайды. Көлік салмақты көрінгенімен, Škoda брендіне тән ұтымдылық, функционалдылық және ұсақ-түйекке мән беру қасиеттерін сақтаған. Оның пікірінше, заманауи өкілдік санаттағы автомобиль дәл осындай болуы керек.

Ne Prosto Orchestra ұжымының сахна сыртындағы өмірі

Мадиярдың айтуынша, ұжымда күнделікті жұмыс кестесі сирек жағдайда ғана бірқалыпты өтеді. Концертке дайындық репетицияларды, музыканттармен жұмысты, аранжировкаларды талқылауды, техникалық мәселелер мен ұйымдастыру кездесулерін қамтиды. Кейде бүкіл күн бір қалада өтсе, кейде өнер көрсеткеннен кейін бірден басқа қалаға жол жүруге тура келеді.

Әр концерттің артында үлкен командалық жұмыс тұрады. Көрермен сахнадағы дайын қойылымды көргенімен, оның артында ондаған сағаттық дайындық бар. Сондықтан ұйымдастыру жұмыстарының барынша жүйелі болғаны маңызды.

Концерттік өмірде күтпеген жағдайлар да жиі кездеседі. Кейде кесте аяқ астынан өзгеріп, кейбір мәселелерді өнер көрсету орнына бара жатқан жолда шешуге тура келеді. Мұндай сәттерде сабыр сақтап, жағдайға жылдам бейімделу қажет.

Мадиярдың пікірінше, музыканттар жоғары зейін мен шоғырлануды талап ететін жағдайда жұмыс істеуге дағдыланған. Жоспардан тыс жағдайлар туындауы мүмкін екенін ескере отырып, кез келген жағдайда сапалы нәтиже көрсету керек. Бұл ретте ұжымнан бастап көлікке дейінгі барлық саладағы сенімділік маңызды рөл атқарады.

Мадияр қандай автомобильді таңдар еді?

Мадияр Тойболдиевтің айтуынша, жеке өзі үшін Škoda Superb моделін таңдар еді. Оған автомобильдің мінезі жақын. Бұл – іскерлік кездесулерге, күнделікті сапарларға және ұзақ жолға қолайлы көлік. Ол жайлы, кең, серпінді әрі сыртқы келбеті жағынан ұстамды.

Дирижер мәртебе мен практикалық қолайлылықтың бірін таңдауға мәжбүрлемейтін автомобильдерді бағалайтынын атап өтті. Оның пікірінше, Superb осы екі қасиетті де біріктіреді.

Ал отбасылық көлік пен алыс сапарлар туралы сөз болғанда, оның таңдауы Škoda Kodiaq моделіне түсуі мүмкін.

Бұл – әмбебап әрі отбасылық пайдалануға арналған басқа санаттағы автомобиль. Мадиярға оның кең салоны, биік орналасқан жүргізуші орны, сыйымды жүксалғышы және жеті орындық нұсқасын таңдау мүмкіндігі ұнайды. Оның айтуынша, отбасылық сапарларда бұл ерекшеліктердің маңызы зор. Көлікке қажетті заттарды көбірек салып, бағыт таңдауда өзіңді шектемей, жайлы саяхаттауға болады.

Қала сыртына шығып, Қазақстанның түрлі өңірлерін аралауды жоспарлаған жағдайда толық жетек жүйесі де маңызды артықшылық саналады. Қазақстан – аумағы кең мемлекет. Сондықтан жолдың әр шақырымын ойлап отырмай, түрлі бағытта еркін қозғала алатын автомобиль болғанын қалайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, Superb – өкілдік жайлылық, әсемдік пен серпінділіктің үйлесімі болса, Kodiaq – еркіндік, кеңістік және отбасылық саяхат мүмкіндіктерін білдіреді. Дегенмен екі модельді де біріктіретін ортақ қасиет бар. Ол – Škoda брендіне тән ойластырылған шешімдер, практикалық қолайлылық және жүргізуші мен жолаушылардың қажеттіліктеріне мән беру.

Сонымен қатар, музыкант үшін автомобильдің дыбыс жүйесі де маңызды. Оның атап өтуінше, екі модель де эквалайзерді реттеу мүмкіндігі бар Canton аудиожүйесімен жабдықталған. Бұл – музыкамен кәсіби айналысатын адам үшін елеулі артықшылық.

Музыка, қозғалыс және жаңа әсерлер

Сөз соңында Мадияр адамдарға жаңа дүниелерді танып-білуден қорықпауға кеңес берді. Оның пікірінше, музыка – эмоция, әсер мен шабыт сыйлайтын әмбебап тіл. Классикалық, заманауи музыканы немесе танымал композициялардың оркестрлік нұсқаларын тыңдаудың айырмашылығы жоқ. Ең бастысы – одан ләззат алу.

Сондай-ақ ол жиі саяхаттап, жаңа жерлерді ашуға және жақын адамдармен көбірек уақыт өткізуге шақырды. Өйткені өмірді шын мәнінде қызықты ететін – алған әсерлер мен жанымыздағы адамдар.

Мадияр Тойболдиев, Ne Prosto Orchestra және Škoda автомобиль бренді арасындағы ынтымақтастық әртүрлі салалардың ортақ қағидалар төңірегінде біріге алатынын көрсетеді. Олардың қатарында ұсақ-түйекке мән беру, сапаға ұмтылу және өз аудиториясын құрметтеу бар.

Allur және Škoda компаниялары оркестрдің үш концертіне ресми демеуші болды. Компаниялардың қолдауымен өтетін Ne Prosto Orchestra ұжымының келесі концерті 20 желтоқсанда Астанада «Ne Prosto Новый Год» бағдарламасымен ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жақын арада оркестр тыңдармандары мерекелік концертке билет пен Škoda Qazaqstan брендтік өнімдерін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Škoda Qazaqstan ресми дистрибьюторының, қазақстандық Allur автомобиль компаниясы құрамына кіретін ұйымның хабарлауынша, Škoda Superb флагмандық моделін сатып алушыларға үш миллион теңге көлемінде тиімді ұсыныс жасалады.

Сонымен қатар Қазақстандағы барлық ресми Škoda дилерлік орталықтарында «Честный Европеец» ұсынысы қолданылады. Оның аясында Kodiaq моделінің Selection жиынтығы 19 690 000 теңгеден, ал SportLine нұсқасы 20 990 000 теңгеден ұсынылады.

Octavia моделінің екі литрлік нұсқалары мен Škoda Karoq қалалық кроссоверін «Процент как в Европе» бағдарламасы бойынша жылдық 0,1 пайыздық мөлшерлемемен үш жыл мерзімге сатып алуға болады.