ШҚО-да ТЖМ қызметкерлері мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесі маңындағы батпақта болған. 9 жастағы бала жұқа мұздың үстімен жүргенде, мұз жарылып, суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы судан алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Дәрігерлер бала қатты тоңғанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазір оның жағдайы қалыпты.