Алматыда тұрғын үйдің кіреберісінен өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
22 қарашада сағат 23:38-де Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданы, Жүнісов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шықты.
Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртсөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.