Димаш Құдайбергеннің Мехикодағы концертінен тараған қысқа видео желі қолданушыларының назарын аударды. Кадрда көрерменге жақындаған әншіні алдыңғы қатарда тұрған жанкүйері сүйіп алғаны байқалады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл сәт Димаш "Bésame mucho" әнін орындаған кезде болған. Күтпеген әрекетке әншінің өзі де таңғалғанымен, өнерін тоқтатпай, концертті жалғастырған.
Видео жарияланғаннан кейін қазақстандық тыңдармандар жарыса пікір жазды. Бірі мексикалық жанкүйердің батылдығына таңданса, енді бірі қызғанышын әзілмен жеткізген.
"Димаштан мұндай жағдайды күтпеппін. Мен өзімді қызғаншақ емеспін деп ойлайтынмын. Оның қалай сүйгенін білсеңдер, маған да айтыңдар", – деп жазды видеоны бөліскен Threads қолданушысы.
Желіде тараған кадрлар аз уақыттың ішінде қызу талқыға түсті. Кейбір жанкүйерлер бұл көріністі әннің атауымен байланыстырды. Испан тіліндегі "Bésame mucho" тіркесі "Мені қатты сүй" деген мағына береді.