Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Желіде дау туғызған видео: Қарағандыда автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Желіде дау туғызған видео: Қарағандыда автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағандыда қарт жолаушыны көкөніс пен жеміс салынған қораптарымен бірге автобустан түсіріп жіберген №145 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды. Оған 21 625 теңге айыппұл салынып, әкімшілік материал сотқа жолданды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізуші қарт адамның заттарын автобустан шығарып жатқан видео тараған еді. Қораптар жолда қалып, ішіндегі өнімнің бір бөлігі асфальтқа шашылып, көліктердің астында қалған.

Осы оқиғадан кейін полиция жүргізушіні анықтады. 40 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді.

Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл арқалаған. Әкімшілік іс сотқа жіберілді. Сот шешімі шыққанға дейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алайда жүргізуші кінәсін мойындамаған. Оның айтуынша, зейнеткерді автобустан күштеп түсірмеген, тек жүгі көп болуына байланысты тасымалдаудан бас тартып, заттарын түсіруге көмектескен.

Бұған дейін Қарағанды әкімдігі жүргізуші жұмыстан шеттетілгенін хабарлаған еді. №5 автобус паркінде де қызметтік тексеріс басталды.