"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Компания басқармасының екі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Компанияның ресми мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 24 қарашада директорлар кеңесінің шешімімен екі топ-менеджердің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған. Атап айтқанда, коммерция жөніндегі бас директор Владислав Ерханұлы Байғужин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Алтынбекұлы Омарбеков қызметтерінен босатылды.
"Қазатомөнеркәсіп" мәліметінше, қызметінен кеткен басшылардың міндеттері компанияның қолданыстағы ішкі тәртіптеріне сәйкес басқа басшылар арасында қайта бөлінген. Ұлттық компания өндірістік және коммерциялық бағыттағы қызметкерлердің толық құрамда жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Сондай-ақ кәсіпорындардың күнделікті қызметі қалыпты режимде жүргізіліп жатқаны атап өтілді.