АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинадағы соғысты тоқтатуға ынталандыру құралы ретінде Ресеймен бизнес келісімдер жасау жоспарынан бас тартты. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәліметке сәйкес, Мәскеу АҚШ ұсынған энергетика, авиация және титан өндірісі салаларындағы ресейлік жобаларға инвестиция тарту бастамасына қызығушылығын жоғалтқан. Оның орнына Ресей Киевтен аумақтық және басқа да жеңілдіктер жасауды талап етіп отыр.
Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Еуропа шенеуніктеріне Вашингтонның бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерінде бизнес келісімдер енді негізгі тетік болмайтынын жеткізген.
Осылайша, АҚШ әкімшілігі Ресеймен экономикалық ынтымақтастық орнату арқылы Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал ету жоспарын қайта қараған.