Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президенттің 2026 жылғы 24 қарашадағы №1577 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.
Комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды. Төрағаның орынбасарлары ретінде Құрылтай депутаты, Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева және кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова белгіленді.
Комиссия хатшысы қызметін гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова атқарады.
Жаңартылған құрамға Құрылтай депутаттары Зүлфия Байсақова, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер, психологтер, медиаторлар, ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енген.
Олардың қатарында «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрағасы Ләззат Қалтаева, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк, журналист әрі қоғам қайраткері Айгүл Мүкей, «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының» директоры Анар Фазылжан және «TechnoWomen Non-profit Organisation» ұйымының басқарма төрағасы Азиза Шөжеева бар.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.