Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Сұлтан Сүлеймен» сериалына түскен актриса Түркияда есірткіге қатысты тергеу аясында ұсталды

«Сұлтан Сүлеймен» сериалына түскен актриса Түркияда есірткіге қатысты тергеу аясында ұсталды

Түркияда танымал өнер адамдарына қатысты есірткі және жезөкшелікке байланысты қылмыстарды тергеу жалғасып жатыр. Ыстамбұлда күдікті деп танылған 35 адамның 23-і ұсталды. Олардың арасында «Сұлтан Сүлеймен» («Великолепный век») сериалында Шах-сұлтанның рөлін сомдаған актриса Дениз Чакыр да бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Түркияның TRT Haber телеарнасының хабарлауынша, ұсталғандардың қатарында әнші әрі актер Өзжан Дениз және актриса Бурджу Өзберк те бар.

Ыстамбұл прокуратурасы тергеуді жезөкшелік, есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату, тарату, пайдалану немесе сақтау деректері бойынша жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары 35 адамды ұстауға ордер алған. 25 қарашадағы мәлімет бойынша, олардың 23-і қолға түскен. Қалған күдіктілерді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Тергеу қалай жүргізіліп жатыр?

Прокуратураның мәліметінше, күдіктілердің түсініктемелері, куәгерлердің, соның ішінде құпия куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ тәркіленген ұялы телефондар мен өзге де цифрлық құрылғыларға жүргізілген сараптама нәтижелері зерделенген.

Euronews дерегінше, осы жолғы ұстау туралы шешімдер есірткі заттарын пайдалану немесе сақтау күдігіне байланысты қабылданған. Алайда прокуратура Дениз Чакырдың нақты қандай әрекетке күдікті екенін жеке жарияламаған.

Тергеу барлық бағыт бойынша жалғасып жатыр. Адамның ұсталғаны оның кінәсі дәлелденді дегенді білдірмейді.

Дениз Чакыр кім?

Дениз Чакыр – түрік театры мен кино актрисасы. Ол халықаралық көрерменге «Ұлы ғасыр» («Великолепный век») телехикаясындағы Шах-сұлтан рөлі арқылы танылды. Сериалда оның кейіпкері Сүлеймен сұлтанның әпкесі ретінде көрсетілген.

Актриса бұған дейін «Листопад», «Запретная любовь» және «Иффет» телехикаяларында да ойнаған.

Айта кетейік, Түркиядағы шоу-бизнес өкілдеріне қатысты есірткі ісі бойынша тергеу 2025 жылдың қазан айынан бері жалғасып келеді. Соңғы операция осы істің кезекті кезеңі саналады.