Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Айжан Аймағанова сталкинг пен спайкинг үшін жазаны күшейтуді ұсынды

Айжан Аймағанова сталкинг пен спайкинг үшін жазаны күшейтуді ұсынды
Құрылтай

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесінде экс-прокурор болған Айжан Аймағанова Қазақстанда сталкинг құрбандарын қорғауды күшейтіп, спайкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, биыл Қазақстанда сталкинг фактісі бойынша 570 қылмыстық іс тіркелген. Оның 193-і сотқа жолданған. Қазір біреуді қудалағаны үшін қарастырылған ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамау.

Айжан Аймағанова полицияның мұндай істерді тіркеуден және тергеуден не себепті бас тартатынын анықтау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол әлеуметтік желілер мен басқа да байланыс құралдары арқылы жасалатын қудалау туралы шағым түскен жағдайда полиция қызметкерлері ұстануға тиіс бірыңғай тәртіп әзірлеуді ұсынды.

Бұдан бөлек, депутат спайкинг үшін де жауапкершілік енгізу мәселесін көтерді. Спайкинг – адамның тамағына немесе сусынына өзіне білдірмей қауіпті заттарды қосу. Аймағанованың пікірінше, мұндай әрекет ауыр зардапқа әкелмесе де, заң бойынша жазалануы керек.

Оның ұсынысы сталкинг пен спайкинг құрбандарын құқықтық тұрғыдан қорғауды күшейтуге бағытталған.