Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan JAC Drive | The New JAC JS6 іс-шарасы аясында жаңартылған JAC JS6 моделін таныстырды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Іс-шара барысында брендтің барлық модельдік қатары бойынша ауқымды тест-драйв ұйымдастырылды. Ал басты оқиға жаңартылған JAC JS6 кроссоверінің тұсаукесері болды. Қонақтар Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жаңа модельмен танысып, презентациядан кейін JS6 көлігін арнайы трассада сынап көріп, оның мүмкіндіктерін қозғалыс үстінде бағалауға мүмкіндік алды.

Жаңартылған JAC JS6 174 ат күшіне ие, көлемі 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыштың ең жоғары айналу моменті – 280 Н·м. Кроссовер алдыңғы жетек жүйесімен, кең салонымен және көлемі 1 080 литрге дейін жететін жүксалғышымен ерекшеленеді. Модельдің өлшемдері – 4 605 × 1 890 × 1 700 мм, ал доңғалақ базасы 2 720 мм-ге тең.
Автокөліктің алдыңғы бампері радиатор торымен біріктірілген жаңа дизайнға ие болды. Сонымен қатар күндізгі жүріс шамдарының дизайны мен артқы бампері жаңартылған.
Көлік қаңқасының 70%-ы жоғары берік болаттан жасалған. Артқы қатардағы жолаушыларға арналған орындықтарды жылыту функциясы және USB Type-C порттары қарастырылған.

Модельге Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін сымсыз қосуға мүмкіндік беретін жаңа мультимедиа жүйесі, сондай-ақ смартфонды сымсыз қуаттау функциясы орнатылған. Екі аймақты климат-бақылау жүйесін басқаруға арналған физикалық батырмалар да бар.
Автокөлік жаңа 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен жабдықталған.
Қазақстанда жаңартылған JAC JS6 екі жинақтамада қолжетімді:
Luxury — 9 590 000 теңге;
Intelligent — 9 990 000 теңге.
Автокөлік, оның жинақтамалары, сатып алу шарттары мен қолжетімділігі туралы өзекті ақпаратты еліміз бойынша жұмыс істейтін JAC ресми дилерлік орталықтарынан алуға болады.
Іс-шара аясында JAC компаниясы өз модельдік қатарының барлық көлігін тест-драйвқа ұсынды. Сынақтар үш арнайы алаңда өтті: жолсыз жерге арналған трассада (оффроуд), картинг алаңында және дрифт трассасында.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын жарыс форматы тудырды. Қонақтар кедергілері бар арнайы дайындалған трассаны ең қысқа уақытта жүріп өтуге тырысты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен үш финалист анықталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.
JAC Drive форматы қонақтарға жаңа модельмен танысып қана қоймай, көлік жүргізудің толық тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Қатысушылар автокөліктерді әртүрлі трассаларда сынап, олардың мүмкіндіктерін өздері бағалай алды.