Астанада Мүгедектігі бар адамдар күніне орай тұрғындарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төлем мөлшері мүгедектік тобына байланысты белгіленген:
- I топтағы азаматтарға – 86 500 теңге;
- II топтағы азаматтар мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 43 250 теңге;
- III топтағы азаматтарға – 21 625 теңге.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Төлем тиісті азаматтарға автоматты түрде тағайындалады.
Алайда бір шарт бар: егер азамат осы жылы басқа негіз бойынша бір реттік әлеуметтік көмек алып қойған болса, оған бұл төлем екінші рет берілмейді.