2027 жылдан бастап Қазақстанда бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемнің ең жоғары мөлшері 770 мың теңгеге жетеді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 175 мың теңгеге артық, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазір бала туған немесе асырап алған әйелдерге біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері әйелдің соңғы бір жылдағы орташа табысына қарай есептеледі. Бүгінде төлемнің ең жоғары шегі 595 мың теңгені құрайды. Бұл – жеті ең төменгі жалақы мөлшері.
Алайда 2027 жылдан бастап әлеуметтік санаттарға бөлу жүйесі енгізілгеннен кейін төлем алу тәртібі өзгереді. Атап айтқанда, А және В санатындағы әйелдер бұл төлемді алу құқығынан айырылады. Ал C, D және E санаттарына жататын әйелдер үшін төлемнің ең жоғары мөлшері артады.
Бұған 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақының 110 мың теңгеге дейін көтерілуі негіз болады. Осылайша, жеті АЕК емес, жеті ең төменгі жалақы есебімен төленетін жәрдемақының шекті сомасы 770 мың теңгеге жетеді. Біржолғы төлемді алу үшін жүктілік пен босануға байланысты еңбекке жарамсыздық парағы берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беру қажет.