Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бектенов байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Бектенов байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
UKIMET

Премьер-министр Олжас Бектенов телекоммуникациялық инфрақұрылымның қорғалуы мен байланыстың үздіксіз жұмысына назар аударды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Үкімет отырысында ол цифрландыру деңгейі артқан сайын киберқауіпсіздік мәселесі де өзекті бола түсетінін атап өтті. Сондай-ақ деректерді қорғау қажеттігін ескертті.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдіевтің айтуынша, байланыс операторлары желілерді тәулік бойы бақылап отырады. Осал тұстар анықталған жағдайда олар жедел түзетіледі.

Сонымен қатар операторлар DDoS кибершабуылдарынан қорғану тетіктерін қолданады және деректердің сақтық көшірмесін жасайды.

Байланыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қосалқы желілер мен резервтік қуат көздері қарастырылған. Ауқымды кибершабуыл болған жағдайда операторлар тиісті қызметтермен бірлесіп әрекет етеді.

Министрдің мәліметінше, телекоммуникациялық желілерді кешенді қорғау жүйесі байланыс операторларымен бірлесіп тұрақты түрде жетілдіріліп келеді.