Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция 500 млрд теңгеге жетуі мүмкін

Қазақстанда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция 500 млрд теңгеге жетуі мүмкін
pixabay.com

Қазақстанда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі өсіп келеді. Болжам бойынша, 2026 жылы бұл көрсеткіш 500 млрд теңгеге жетеді. Бұл мәселе премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттер аясында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды.

Олжас Бектенов халықтық цифрлық экономиканы қалыптастыру телекоммуникациялық инфрақұрылымның дамуымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.

Оның мәліметінше, телекоммуникация саласына салынған инвестиция көлемі 2024 жылы 357 млрд теңге болса, 2025 жылы 482 млрд теңгеге жеткен. Ал 2026 жылы инвестиция көлемі 500 млрд теңге болады деп болжанып отыр.