Жапония билігі АҚШ әскеріне Окинавадағы әуежайды пайдалануға тыйым салды

Жапония билігі АҚШ әскеріне Окинавадағы әуежайды пайдалануға тыйым салды
ЖИ: Dalanews.kz

Жапонияның Окинава префектурасының билігі АҚШ әскери күштеріне Шығыс Қытай теңізіндегі Мияко аралында орналасқан әуежайды пайдалануға рұқсат бермеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жергілікті билік әуежайдың тек азаматтық авиацияға арналғанын ескертіп, АҚШ тарапының өтінішінен бас тартқан.

Бұған дейін АҚШ әскери күштері аталған әуежайды ауыр жүк тасымалдайтын тікұшақтарға жанармай құю үшін пайдалануды жоспарлаған. Бұл тікұшақтар Филиппиндегі америкалық әскери нысандарға жүк жеткізеді.

Алайда Окинава билігі әуежайды әскери мақсатта пайдалануға келісім бермей, оның азаматтық авиацияға арналған нысан екенін мәлімдеді.