Қазақстандық туристер баратын басым бағыттар белгілі болды

Қазақстандық туристер баратын басым бағыттар белгілі болды
primeminister.kz

2026 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанның туристік қызметтер нарығында оң динамика байқалды. Көрсетілген қызметтер көлемі 11,4 пайызға артып, 91,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдің курорттық аймақтарында 1 912 орналастыру орны жұмыс істеді. Бұл 2025 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 64 нысанға немесе 3,5 пайызға көп (1 848).

Орналастыру орындарының ең көп саны Алматы тау кластерінде шоғырланған, мұнда 526 нысан бар. Одан кейін Жетісу облысындағы Алакөл курорттық аймағы тұр, онда 226 нысан бар. Ал Щучье-Бурабай курорттық аймағында 216 және Абай облысындағы Алакөл курорттық аймағында 206 нысан бар.

Келушілердің ең көп саны Алматы тау кластеріне тиесілі. Биыл алғашқы алты айда мұнда 1,2 миллионнан аса адамға қызмет көрсетілді. Бұл еліміздің курорттық аймақтарына келген келушілердің жалпы санының шамамен 59,4% пайызы болады. Көрсетілген қызметтер көлемі 57,1 млрд теңгеге жетті.

Танымал туристік бағыттар қатарында Щучье-Бурабай, Маңғыстау, Түркістан, Балқаш және Алтай курорттық аймақтары да бар.