Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда мобильді интернет әлемдік орташа бағадан үш есе арзан

Қазақстанда мобильді интернет әлемдік орташа бағадан үш есе арзан
pixabay.com

Қазақстанда мобильді интернеттің орташа тарифі айына шамамен 10 долларды құрайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдіевтің айтуынша, қараша айындағы рейтингте Қазақстан мобильді интернет тарифтерінің қолжетімділігі бойынша интернеті жылдам 55 елдің арасында жетінші орынға ие болған.

Әлемдік орташа тариф айына 27 доллар шамасында.

Сонымен қатар елде интернет-трафик көлемі артып келеді. Байланыс жылдамдығын арттырып, 5G желісін кеңейту үшін операторлар телекоммуникациялық инфрақұрылымға инвестиция салуы қажет.

Жаслан Мәдіев тарифтердің халыққа қолжетімді болуы мен байланыс саласының инвесторлар үшін тартымдылығын сақтау арасындағы тепе-теңдіктің маңызды екенін атап өтті.