Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстандағы жұмыс сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

 

Бүгін Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысты. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.