Қыз болып танысып, кейін азаптаған: Астанада үш тұрғын сотталды

Қыз болып танысып, кейін азаптаған: Астанада үш тұрғын сотталды
ЖИ: Dalanews.kz

Астанада үш тұрғын сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астана қаласы прокуратурасы мәліметінше, үш ер адам Telegram-да қыздардың жалған парақшаларын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып, кейін оларды қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын видеоларды таратамыз деп қорқытқан.

Олар бопсалау арқылы үш жәбірленушіден 2,2 миллион теңге алған. Бірін несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің көлігін иемденген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы олардың кінәсін толық дәлелдеген. Сот үкімімен үш адам адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.