Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты
Akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиынға Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары, сондай-ақ Иран президенті Масуд Пезешкиан қатысты. Сонымен бірге ТМД-ның бас хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев болды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ТМД қызметін дамытуға және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.

Сондай-ақ 2028 жылды ТМД-дағы Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жылды Көлік байланысы жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды.