Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот залпы салмағы 2,8 кг, алтын құрамы 99%-дан асатын және құны 182,3 млн теңгені құрайтын 6 алтын құймаға сотқа дейінгі тәркілеуді қолданды. Алтын мемлекет кірісіне айналдырылды. Қаулы заңды күшіне енді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қырғызстан азаматшасы құймаларды өз елінде сатып алып, оларды Қытайға ары қарай заңсыз өткізу үшін «Қордай Авто» өткізу пункті арқылы Қазақстанға кіргізген.
Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру мақсатында ол аяқ киімінің ұлтарағының астына үш алтын құймадан жасырып қойған. «Қорғас» ХШЫО аумағында бақылаудан өту кезінде алтын табылып, тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.