Ақмола облысында дәрігер қайтыс болды

Ақмола облысында дәрігер қайтыс болды
ЖИ: Dalanews.kz

Ақмола облысында 38 жастағы дәрігер Екатерина Ш. қайтыс болды. Ол Есіл аудандық ауруханасында жұмыс істеген. Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жергілікті Nayza Kokshe паблигінің хабарлауынша, қайғылы оқиғаға дейін дәрігер Алматыда демалыста болып, кейін жұмысқа оралған. Артынша оны Көкшетаудағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жауап алуға шақырған. Мәліметке сәйкес, әйел қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде өткен.

Пабликтің жазуынша, жауап алу кезінде дәрігердің телефонын алып қойған. Үйіне оралған соң оның көңіл күйі түсіп, әпкесіне телефон соққаны айтылады. Ал келесі күні таңертең жұмысқа келмеген.

Полиция әйелдің қайтыс болғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.