Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шара өткізілуіне байланысты 10-14 қазанда қала көшелерінің кейбір бөлігінде көлік жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекеттік күзет қызметі мәліметінше, іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары және Қарулы күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.