Елордада 7-сыныпта оқитын екі оқушы Дәурен көшесіндегі аялдамаға орнатылған бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция жасөспірімдерді анықтап, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқушыларға қоғамдық мүлікті бүлдіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Ал олардың ата-аналарына қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.