Алматыда ЛРТ құрылысына байланысты Абылайхан даңғылының бір бөлігі жабылады

Алматыда ЛРТ құрылысына байланысты Абылайхан даңғылының бір бөлігі жабылады
ЖИ: Dalanews.kz

Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, 10 қазан сағат 08:00-ден 11 қазан сағат 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Әкімдік жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.