Қазақстанның алтын-валюта резерві азайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жалпы халықаралық резервтер алдыңғы аймен салыстырғанда 5,42 пайызға азайып, 70,571 млрд доллардан 66,41 млрд долларға дейін төмендеген. Таза халықаралық резервтер бір айда 5,74 пайызға азайып, 64,287 млрд доллар болды.
Монетарлық алтынның құны бір айда 55,796 млрд доллардан 51,432 млрд долларға дейін төмендеді. Бұл 7,82 пайызға азайғанын білдіреді.
Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 0,78 пайызға төмендеп, 66,653 млрд доллар болды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның алтын қоры 370 тоннаға жуықтағаны хабарланды.