Қазақстанның алтын қоры 370 тоннаға жуықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 75,812 тонна алтын өндірілген. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 10,105 тоннаға немесе 11,8 пайызға аз.
Қаңтар-шілде айларында Қазақстан 3 тонна алтын экспорттаған. Оның жалпы құны 407 млн доллар болған. Бұл былтырмен салыстырғанда 35,6 пайызға көп. 2025 жылы Қазақстан 6 тонна алтынды 617 млн долларға экспорттаған.
Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстан алтынын негізінен Қырғызстан мен Ресей сатып алған. Экспорттың 67,6 пайызы Қырғызстанға, 32,4 пайызы Ресейге тиесілі. Ал осы кезеңдегі алтын импорты 189 тонна болып, оның құны 259 млн долларға жеткен.
Дүниежүзілік алтын кеңесі мәліметінше, Қазақстанның алтын қоры 368,38 тоннаға жеткен. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемде 11-орында тұр.
Алтын қоры ең көп елдер қатарында АҚШ (8 133,46 тонна), Италия (2 451,84 тонна), Қытай (2 346,43 тонна), Ресей (2 282,98 тонна) және Швейцария (1 039,94 тонна) бар. Одан кейін тізімде Үндістан (880,51 тонна), Жапония (845,97 тонна), Польша (632,43 тонна), Түркия (530,62 тонна) және Өзбекстан (431,71 тонна) орналасқан.