Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал туындап, жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмған.
Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілген.
"Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін тиісінше орындамау дерегі бойынша білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Жетісу облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп жазылған хабарламада.