Тоқаев Саят Исановты Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады

Тоқаев Саят Исановты Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады
Саят Исанов. Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың ресми хабарламасына сәйкес, бұл қызметке Саят Серікқазыұлы Исанов келді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Саят Серікқазыұлы Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін Айдос Мырзахметов атқарған.

Ол бұл лауазымға 2024 жылғы қаңтарда тағайындалған еді. 2026 жылғы 27 қыркүйекте Айдос Мырзахметов Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.