Маңғыстауда қаза тапқан 14 сарбаздың отбасыларына көмек қаржысы бөлініп берілді

Маңғыстауда қаза тапқан 14 сарбаздың отбасыларына көмек қаржысы бөлініп берілді
ЖИ: Dalanews.kz

Маңғыстау облысында қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасылары мен аман қалған үш сарбазға жиналған көмек қаражаты толық бөлініп берілді. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, арнайы құрылған комиссия қорға түскен қаражаттың бөлінуін бақылап, ақшаны белгіленген тәртіппен үлестіру туралы шешім қабылдаған. Қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көмек теңдей бөлінсе, аман қалған үш әскери қызметшіге жеке төлемдер қарастырылған.

Қаражат алушылардың нақты қанша ақша алғаны және олардың жеке деректері қауіпсіздік пен құпиялылықты сақтау мақсатында жарияланбаған.

Комиссия өз жұмысын аяқтап, қаражатты бөлуге қатысты шешімдер тиісті құжаттармен рәсімделген.